Басқарудың коллегиялық мүшелері педагогикалық кеңес және ата-аналар комитеті болып табылады. Еңбек қатынасы ұжымдық келісім-шартқа сәйкес жүзеге асады.
Балаларды мекемеге қабылдау тәртібі: 2 жастан — 6 жасқа дейін. Мекеменің жұмыс уақыты: аптасына 5 күндік жұмыс, педагогикалық қызметкерлерге аптасына 24 сағат, шаруашылық жұмыскерлеріне аптасына 40 сағат.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы: мектепалды даярлық топтарда 15 — 30 минут басқа топтар күні бойы және шағын орталықтарда аусым бойынша. Топтарда оқу іс-әрекетінің басталуы сағат 09.00. Шағын орталықтарда оқу іс-әрекетінің басталуы таңғы аусым-9.00, түскі аусым 14.00
Мектепке дейінгі мекеме Жарғы бекітілген негізінде жұмыс атқарады. Қазіргі таңда балабақшада 12 топ қызмет жасайды, ІІ нысанда 2 топ толық күндік, 4 топ шағынорталық қазақ тілінде тәрбие білім алады. ІІІ нысанда 4 топ толық күндік, 20 топ
Меңгеруші: Базарбай Динара Артықбайқызы
Ғимарат екі қабаттан тұрады. Балабақшада баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Топтары таза, кең, жарық, ойыншықтары мол. Барлық топтарда пәндік-дамытушы орта көп функционалды, қарқынды, балалардың жастарына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылған. Жоғары дәрежедегі медициналық кабинеттер қызмет көрсетеді: егу, емделу бөлмелері. Екінші қабатта арнайы ұйымдастырылған баланың дене бітімі мен психикасын қолайлы сезінуін қамтамасыз ететін, сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру үшін дене тәрбие мен музыка залы қызмет көрсетеді. Әр топтың өз серуендейтін алаңы (учаскісі) бар, мұнда әрбір жас ерекшелігі сәйкес ойын құрал-жабдықтарымен және жұмсақ төсемемен қамтамыз етілген. Арнайы ойын-сауық өткізу үшін, жазғы уақыт аралығында балалармен қимыл ойындар мен дене жаттығуларын ұйымдастыруды көздейтін спорттық алаңы бар.
Оқу жылында балабақша оқу – тәрбие іс-әрекетін мемлекеттік құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып барлық топтар «ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Балабақша мекемесінде: әдіскер, педагог-психолог, музыка жетекшілері, дене тәрбиесі нұсқаушылары, логопед, мейірбике, диетмейірбике және т.б. қызметкерлер жұмыс жасап, өздеріне тиесілі қызмет түрлерін көрсетеді. Балабақшада бала жасына сай жеке арнайы жабдықталған ойын бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, қабылдау бөлмесі, дәрігерлік қарау, оқшаулану бөлмесі, асхана, кір жуу бөлмесі, қойма бөлмелері бар. Балалар 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген және бір мезгіл жемістер мен шырындар беріледі. Ас мәзірі жыл мезгілдеріне байланысты құрылған.Тамақтану процесі бойынша әкелінген тағам түрлерінің сертификаттары әрдайым тексеріліп отырады. Ай сайынғы және күнделікті ас мәзірі топтарда жаңартылып ата-аналар назарына ұсынылып отырылады. Тамақтану процесіндегі мәдени-гигиеналық машықтар, тамақ нормалары тексерістен өтеді.